«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 27 қараша күні Құзіреттілік орталыққа енген №5 “Ақбота" бөбекжай-балабақшасында балабақша басшылары мен әдіскерлері, тәрбиешілер үшін «Бала шақтан-болашаққа» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: “Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылық негізінде рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу”. №5 “Ақбота" бөбекжай-балабақшасының дефектологы Ж.К. Нуржанова өз іс- тәжірибесінде “Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамыту” тақырыбында «Ақылды айна» инновациясы арқылы өз жұмысын көрсетті. Балабақшадағы құзіреттілік топқа енген ортаңғы “Жұлдызша” тобына экскурсия жасады. Және де балабақшамызда “ LEGO” кабинеті ашылды. “LEGO” бұл тек құрастыру ғана емес,сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық болжаудағы дағдыларын,мақсатқа жету үшін жұмысты құру қабілеті және ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамытады. Сонымен қатар балабақша ішіндегі кабинеттерге шолу жасалынды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Б.М.Журтканов Қазақ халқының зияткерлік ойыны “ Бестемше” үйірмесінің жұмысын көрсетті. Педагог-психолог С.Т. Есжанова “Интерактивті құм жәшік” инновациясымен өз жұмысын көрсетті . Балабақша музыка жетекшісі А. С. Рушина “Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға дәріптеу» тақырыбында музыкалық ойындар, жаттығулар көрсетті. Хромтау ауданынын психологиялык, педагогикалык түзеті кабинет меңгерушісі А. В.Жангужина өз ойымен бөлісіп, рефлекция жасалды. Семинар сонында Nº5 Ақбота бөбекжай-балабақшасының ұжымын Хромтау ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
№5 "АҚБОТА" БӨБЕКЖАЙ- БАЛАБАҚШАСЫ Облыстық құзыреттілік орталыққка енді. Ақтөбе облысының білім басқармасының 2023 жылдың 05 шілдедегі №309 бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының білім бөліміне қарасты, №5 Ақбота бөбекжай- балабақшасы озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталығы болып өз жұмысын бастады. 2023-2024 оқу жылына құзыреттілік орталықтың жұмыс жоспары құрылып, №1 күншуақ, №4 Гүлдер, №9 Жұлдыз-Ай бөбекжай- балабақшалары құзіреттілік орталықтың өсу нүктесі болып бекітілді.
View the embedded image gallery online at:
https://hrom-akbota.edugov.kz/kz/zirettilik-ortaly.html#sigFreeId31ea05ccdc
https://hrom-akbota.edugov.kz/kz/zirettilik-ortaly.html#sigFreeId31ea05ccdc
View the embedded image gallery online at:
https://hrom-akbota.edugov.kz/kz/zirettilik-ortaly.html#sigFreeIdc7a80bdf67
https://hrom-akbota.edugov.kz/kz/zirettilik-ortaly.html#sigFreeIdc7a80bdf67






