«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері 2022» республикалық байқауы
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері»


Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні «Балалардың комумуникативті-тілдік дағдыларын даиытуда заттық-кеңістік дамытушы ортаның маңыздылығы» - тақырыбында вебинар-практикум өткізілді. Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, кафедраның аға оқытушысы, магистр С.М. Шаштыгарина вебинарды ашты. Вебинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде

  • «Мектепке дейінгі ұйымның пәндік – кеңістіктік даму ортасын құру жіне жетілдірудің инновациялық тәсілдері» - Есжанова Света Ташкенбаевна – Хромтау ауданы, №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;
  • «К. Орф әдістемесі бойынша дәстүрден тыс аспаптарды музицирлеу» - музыка жетекшісі Рушина Анар Сагинбаевна;
  • «Арт терапиясындағы ұлттық нақыштағы техникалар» - Кияшева Батима Сабитовна - №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының дефектологі іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар соңында педагогтар Алғыс хаттармен марапаталды.


«№5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында» «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында Ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.


2 ақпан 2022 жылы «№5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында» «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы: Сара Алпамысқызына арналған «Балаға жүрек жылуы» тақырыптық ашық сабақ өткізілді. Өткізген мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері: Иманбаева М.Я. Умирзакова А.К.


«Жеті ойыншық» жобасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы жан-жақты дамыту» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өтті. Шеберхана отырысының алғы сөзін Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Т. Мурзагулова сөз алып шеберхана отырысының мүшелеріне және іс-тәжірибесімен бөлісетін педагогтарға сәттілік тіледі. Бұл жобаның мақсаты-ұлттық ойыншықтар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың дүниетанымын кеңейту, өз халқымызға тән тәрбиелік мәні бар ойыншықтарды құрастырып, әр бұйымның қазақы атауларын үйрету. №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының педагогтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Музыка жетекшісі: Тулебаева А.М.

Тәрбиешілері: Иманбаева М.Я. Умирзакова А.К.