Атауы Жүктеу
1 Хромтау қаласы

Балабақшамыздағы кеңес беру пункті-балабақшаға бармайтын балалар мен  ата-аналарына, психологиялық, педагогикалық  және логопедиялық бағытта кеңес беретін орталық.Осыған орай балабақшамызда кеңес беру пункті ашылды.
Кеңес беру пункті бойынша ата-ана керек ақпаратты, балабақшаға кірмей осы тұрған стендтен QR-код арқылы мобильді телефонымен кіріп толық мәлімет ала алады.Бұл бір жағынан уақытқа үнемді және заманауи.


Біздің балабақшадағы керемет кітапханаға қош келдіңіз! 
Кітап әлемі-бала қиялының қанаты!
Біздің балабақшада ерекше әрі көңілді кітапхана бұрышы бар.
Бұл-кішкентай оқырмандардың сүйікті орны!
Мұнда балаңыз:
Түрлі ертегілер мен қызықты әңгімелерді тамашалайды;
Қиялдап, армандайды, жаңа нәрселерді үйренеді;
Ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілетін дамытады;
Достарымен бірге оқып, бөлісуді және тыңдауды үйренеді;
Суретті кітаптар арқылы түстер мен бейнелерді таниды.
Біз не ұсынамыз:
Балаларға арналған түрлі жанрдағы кітаптар
Ерекше ертегі сағаттары мен оқырман күндері
Тәрбиешімен бірге оқу сәттері мен әңгіме-дүкен
Кітапты жақсы көруге баулитын жылы орта 


Біз сіздерді қызық пен қуанышқа толы әлем-Асық кабинетімен таныстырғымыз келеді.

Асық ойыны-ата-бабамыздан қалған асыл мұра.
Бұл ойын балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, достыққа және әділдікке баулиды.
Мұнда әр асық – бір тарих, әр ойын – бір сабақ.

Біздің мақсатымыз-ұлттық ойынды жаңғыртып,
балаларға өз мәдениетіміздің сұлулығын сезіндіру.
Асық ойнаған бала-рухы мықты, еліне адал ұрпақ болады!


“Жеті ойыншық”бөлмесі
Мақсаты:Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу,отансүйгіштікке баулу.
“Жеті ойыншық”бөлмесі ұлттық стильдегі оқыту модульдері,гидропоникалық жабдықтар,ойыншықтар және оқу құралдары,үстел ойындары,конструкторлармен жабдықталған.
Барлық жабдықтар мен компоненттер қауіпсіз,табиғи және экологиялық таза матералдардан жасалған.
Күнделікті балалар жас ерекшелігіне қарай “Жеті ойыншық”бөлмесіне келіп ойнайды.
Тәрбиеші:Дәрібай Шолпан Ашимқызы


Біздің балабақшада ғарыш тақырыбына арналған арнайы «Ғарыш кабинеті» бар. Бұл кабинетте балалар ғарыш әлемімен жақынырақ танысып, ғалымдар мен ғарышкерлердің еңбегі туралы біледі.

Кабинетте:
Глобус-жердің моделін көрсетеді, балалар материктер мен мұхиттарды, ғарыштан Жер қалай көрінетінін біледі.
3D қалам (ручка)-балалар өз қиялындағы ғарыш кемелерін, планеталарды үш өлшемде жасап, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.
Ғарышқа арналған көрнекіліктер мен макеттер – Күн жүйесін, планеталарды, ғарышкерлердің суреттерін көреді.

Бұл кабинет балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады, сондай-ақ ғылым мен техникаға деген сүйіспеншілікті оятады.


Біздің балабақшада балаларға арналған заманауи робототехника кабинеті бар.
Мұнда кішкентай зерттеушілер түрлі конструкторлармен, LEGO бөлшектерімен және танымдық ойындармен айналысады.
Кабинетте балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі құрылғылар мен құралдар бар:
Конструкторлар – үлкен және кіші бөлшектері бар, балалар әртүрлі фигуралар мен роботтар құрастырады.
Лего жиынтықтары – бала өз қолымен көлік, жануар немесе адам түріндегі модельдер жасай алады.
Робот жинауға арналған элементтер – моторлар, дөңгелектер, сенсорлар, батареялар.
Мұнда балалар тек құрастыруды ғана емес, шығармашылықпен ойлауды, бірлесе жұмыс істеуді, және жаңашыл болуды үйренеді.


Балабақшамыздың әр бөлмесі мен дәлізі – бала дамуына бағытталған ерекше әлем. Мұнда әр бұрыш тек әдемілік үшін емес, кішкентайлардың ойлау қабілетін, қимыл-әрекетін, зеректігін дамыту үшін жасалған. Қабырғада орнатылған түрлі түсті сенсорлық және тактильдік панельдер балалардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін, логикалық байланыс пен зейін тұрақтылығын дамытуға арналған. Келесі қабырғаларда – мамандықтар әлемін таныстыратын қызықты кейіпкерлер бейнеленген.Балалар бұл мамандық иелерімен танысып қана қоймай. Олардың үстіндегі баулар, түймелер, тетіктер арқылы – ойын түрінде киім түймелеу, бау байлау, затты бекіту сияқты өмірлік дағдыларды қалыптастырады


Психолог кабинеті балабақшадағы психологиялық қауіпсіздік пен эмоционалды бейімділікті реттейтін орын. Бұл кабинет балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық қолдау алуына және өзін еркін сезінуіне арналған.
Психолог кабинетінде ата-аналармен, ұжыммен кеңес беру, әңгімелесу, диагностикалық зерттеулер жұмысы жүргізіледі.
Кабинетімізде балалардың логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін дамытуға, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған әртүрлі ойындар жиынтығы бар.
Бұл кабинет-жәй ғана бөлме емес.Бұл – бала өз-өзіне сенуді үйренетін, ішкі жан дүниесін танитын, мейірім мен түсінікке толы орта.
Интерактивті технологияны тиімді қолдану мақсатында, психолог кабинеті «Интерактивті құм жәшігі» кешінімен жабдықталған.
Интерактивті құм жәшігі – балаларды дамытуға арналған оқыту кешені болып табылады. Интерактивті құммен балабақшадағы барлық топ балалары жұмыс жасайды.
Міндеті:
Ойын кезінде бала табиғи материалмен-құммен өзара әрекеттеседі, қолдың ұсақ моторикасы дамиды, психоэмоционалды шиеленісті жеңілдетеді және бала ойын түрінде танымдық процестерді дамытады: есте сақтау, зейін, ойлау,  қиял, сындарлы қарым-қатынас және өзін-өзі реттеу дағдылары қалыптасады.


Скалодром- өрмелеуге арналған жасанды құрылыс. Қолдар мен аяқтарға арналған,ойдымдармен ілгектер бекітілген,үстірт имтациясы ретінде жасалған жасанды қабырға. Интерактивті өрмелеу қабырғасы физикалық дамытудан басқа,балаларға түстерді,пішіндерді ажырата білуге,логикалық есептерді шешуге мүмкіндік береді. Өрмелеу аланында есептерді шешу, төзімділікті, шыдамдылықты, тапқырлықты дамытады. Бұл спорт Альпинизимнен шыққан және оның әдістерінің бірі.  Алайда өрмелеудін мақсаты: тау шыңына жету емес,кедергілерді жеңу процессі болып табылады.


“Ақбота” бөбекжай- балабақшасында 11- топ 22- тәрбиеші бар. Оның ішінде денешынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, психолог, логопед мамандары жұмыс жасайды, педагогтарымыз модератор, сарапшы, зерттеуші санаттарын алған жоғарғы білімді. Балабақшамызда түрлі психологиялық тринигтер мен спорттық шаралар өткізіліп тұрады. Жыл мезгілдеріне сай мерекелік іс-  шаралар және “ Адал азамат’  біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп келеді. Балабақшамыз заманауи талаптарға сай түрлі ойын залдары мен оқу үрдісіне пайдаланатын құрылғылар жеткілікті. Тәрбиеленушілеріміз республикалық облыстық олимпиядаларға қатысып белсенділік танытып жүр.


«Ақбота» бөбекжай-балабақшасы-бала болашағына берік негіз!

2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан балабақша-бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен білім беріп, олардың жан-жақты дамуына бағытталған орталыққа айналды. 
2023 жылдан бастап жанынан кеңес беру пункті ашылып, ата-аналар мен балабақшаға бармайтын балаларға әдістемелік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіліп келеді.

Балабақша ұжымы әр баланың қауіпсіз, жайлы, шығармашылық ортада тәрбиеленуін басты назарда ұстап, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.

Мақсатымыз-ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімге құштар, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу!


Құзыреттілік орталығының жоспары негізінде “Құзыреттілік орталық-тұлғалық дамудың бастауышы” тақырыбында №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Хромтау аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Аханова Г.А.,
Хромтау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Барикова Г.С.,
сондай-ақ аудандағы балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Семинар барысында Құзыреттілік орталығының тәрбиешілері, сонымен қатар “өсу нүктелері” ретінде тіркелген балабақшалардың мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті,аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды
Педагогтардың еңбегі еленіп, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.


Құзыреттілік орталығының жоспары негізінде “Құзыреттілік орталық – тұлғалық дамудың бастауы” тақырыбында №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Хромтау аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Аханова Г.А., 
Хромтау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Барикова Г.С., 
сондай-ақ  аудандағы балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілер қатысты.

Семинар барысында Құзыреттілік орталығының тәрбиешілері, сонымен қатар, “өсу нүктелері” ретінде тіркелген балабақшалардың мамандары да өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Олар атқарып жатқан жұмыстарын, қолданып жүрген әдіс-тәсілдері мен жобаларын таныстырып, орталық аясындағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін көрсетті. 

Бұл-педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуға және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға жасалған нақты қадам.

Сонымен қатар, балабақшаға келмейтін балалардың ата-аналарына арналған консультативтік пункттің жұмысы нығайтылып, ата-аналарға қажетті ақпараттарды қолжетімді ету мақсатында балабақша ауласынан арнайы ақпараттық бұрыш жасақталып, салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Бұл-ата-аналармен байланысты күшейтудің, ерте жастан сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етудің нақты қадамы..



”Баланың балабақшадағы бір күні”
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Балалардың дамуы үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған ойын бөлмелерінде консультация мен ойындар ұсынылды. «Саз әлемі», «LEGO құрастыру», «Жеті ойыншық», «Ғарыш әлемі» сенсорлы ойын бөлмелерімен таныстырылып, кеңес берілді.


 

Кеңес беру пунктінің педагогтері жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға түрлі әдістемелік көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. КП кеңес алған ата - аналарымыз балаларын балабақшаға орналастырды. Бүгін балалар балабақшамыздың кинотеатр залында ертегіні тамашалады.


Консультациялық пункт жұмысы. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық диагностикалық, әдістемелік көмек көрсетілді.

Арнайы мамандардан ата- аналар толық ақпарат алып  нәтижесінде ата- аналар балаларын  “Дара бала” платформасына тіркеліп балабақшаға анықтама алып қабылданды. Ата- аналарға ойын бөлмелерімен, ойын алаңдарына саяхат жасалып, таныстырылды.


Консультациялық пункт жұмысының негізгі бағыттары: Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыға консультациялық көмек көрсету - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық консультация беру, ата-аналарды бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің негізгі бағыттарының ықпалы, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар ету. Сазбен жұмыс жасаудың мақсаты: Баланың қолмен илеу арқылы сүйек қатаяды, еңбекке үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Ұсақ қол моторикасы дамиды, баланың психикалық жай күйін тыныштандыруға, ойлануға мүмкіндік береді.


Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата- аналарына үй жағдайында сапалы күтім жасауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық қолдау жұмыстары көрсетілді.

Логопед - дефектолог: Ж. Нуржанова

“Ақылды айна” интерактивті құралмен баланың сөйлеуінің даму деңгейіне арналған ойын ойнатылды. Ата- аналармен және баламен балалардың дамуы үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған ойын бөлмелерінде консультациялар ұсынылды.


N5 "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы МКҚК
Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына үй жағдайында сапалы күтім жасауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық қолдау жұмыстары көрсетілді.
Логопед-дефектолог:
Ж. Нуржанова "Ақылды айна" интерактивті құралмен баланың сөйлеуінің даму деңгейіне арналған ойын ойнатылды. Ата-аналармен және баламен балалардың дамуы үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған ойын бөлмелерінде консультациялар ұсынылды.


Атауы Жүктеу
1 «Балабақшадағы бір күнім» танысу әңгімесі
2 «Баланың балабақшаға бейімделуі» ата-аналарға кеңес
3 Біз саусақтарды дамытамыз,сөйлеуді жақсартамыз
4 «Отбасында ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру
5 Ата - аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдасыру туралы
6 Анықтама
7 Мәлімет

“Ата - аналарға арналған консультациялық пункт” жұмысының жоспарына сәйкес ата - аналарға “Ақылды айна” интерактивті құралымен таныстырылып, кеңес берілді.
Педагог - психолог: Есжанова С. Т.


Атауы Жүктеу
1 «Кенес беру пунктінін 2023 - 2024 оку жылындаты жумысы туралы»
2 2023 - 2024 Оқу жылына арналған жоспары
3 Консультативтік пунктің мамандарының жұмыс кестесі 
4 Nº5 «Акбота »бебекжай-бакшасы» МККК
5 Денгелек устел
6 «Бекітемін»
7 Nº5 «Акбота» бебекжай-балабакшасы» МККК
8 Nº5 «Акбота» бебекжай-балабакшасы» МККК №2
9 Улттык ойын «Ханталапай»
10 Аныктама