Аналар мектебі бойынша «Бұрымды қыз» іс - шара өткізілді. Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, тәрбиеленушілерді танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.